ҚДИАҒО-да 33 резидент оқуын аяқтады

 

Тамыз 3, 2026

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында бейінді медициналық мамандықтар бойынша оқуын сәтті аяқтаған 33 дәрігер-резидентке диплом табыстау рәсімі өтті.

Даярлық жылдарында жас мамандар Орталықтың тәжірибелі оқытушылары мен тәлімгерлерінің жетекшілігімен заманауи теориялық білім алып, практикалық дағдыларды меңгерді. Резиденттер пациенттерді диагностикалауға, емдеуге және бақылауға қатысты, медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістерін меңгеріп, медицина ғылымының озық жетістіктерімен танысты.

Даярлық барысында клиникалық ойлауды, дәрігерлік шешім қабылдау дағдыларын дамытуға, дәлелді медицина қағидаттарын сақтауға және кәсіби біліктілікті үздіксіз жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді. Мұндай тәсіл түлектерге алған білімдерін практикалық денсаулық сақтау саласында сенімді қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде дерматовенеролог-дәрігерлерге деген сұраныс жоғары: бірқатар облыста бұл мамандардың тапшылығы байқалады. Дерматовенеролог – тері және венерологиялық аурулардың кең ауқымымен айналысатын әмбебап дәрігер. Ол тері, шаш пен тырнақ ауруларын, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдейді.
Қазіргі уақытта көптеген тері ауруы созылмалы сипатқа ие және қайталануға бейім. Ал жыныстық жолмен берілетін инфекциялар көбіне айқын клиникалық белгілерсіз, симптомсыз өтеді. Маманға уақтылы жүгінбеген жағдайда мұндай аурулар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Резидентураны аяқтаған түлектер ересектерге де, балаларға да білікті медициналық көмек көрсете алады. Оларды даярлау ауруларды емдеуге ғана емес, олардың алдын алуға да бағытталған. Бұл қазіргі таңда аса өзекті.

барлық жаңалықтар »