Түркістанда облыстық әкімдік қызметкерлеріне арналған семинар өтті

 

Шілде 10, 2026

ТүркістаноблыстықАИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицинақызметкерлеріоблысәкімдігініңмамандарыүшінсеминарөткізді.

Кездесугедепартаменттердің100-ден астамқызметкеріқатысты.ТүркістаноблыстықАИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологыАқмарал Ақберди денсаулықтыңқұндылығыменжекежауапкершіліктіңмаңыздылығытуралыайтып берді.

Сонымен қатар шарада АИТВ-инфекциясын ерте кезеңде уақтылы анықтау үшін жедел тестілеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу орталығында және қалалық емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарында ерікті және құпия тестілеуден қалай өту керектігі айтылды.

Қатысушылар жұқтыру жолдары және АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары туралы ақпарат алды. Іс-шара соңында жиналғандар алған білімдері бойынша сауалнамада жауаптарды дұрыс көрсете алды. Сондай - ақ қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

барлық жаңалықтар »