Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Шілде 10, 2026
Бірінші жартыжылдықтағы бірлескен жұмыстың қорытындысын , Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары, қан орталығының қызметкерлері және медициналық ұйымдардың трансфузиолог-дәрігерлері 9 шілдеде өткен онлайн-кеңесте талқылады.
Кеңеске қатысушылар өзара іс-қимыл нәтижелерін талдады, сондай-ақ ,донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және медициналық көмек көрсету кезінде, АИТВ-ның берілуін алдын алудың өзекті мәселелерін талқылады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда гемотрансфузиялар санының ұлғаю үрдісі байқалды.
Донорлықтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Донорлар, сондай-ақ гемотрансфузия, органдар, тіндер, жыныс және ұрық жасушаларының реципиенттері мамандардың тұрақты бақылауында болады. Жыл басынан бері Алматыда АИТВ-ға тексеруден 20 мыңға жуық донор өтті, бұл инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Кеңеске қатысушылардың назарында, АИТВ-ның қан және басқа да дене сұйықтықтары арқылы берілуін алдын алу, сондай-ақ ,органдар мен тіндерді трансплантациялау мәселелері болды. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ЖИТС орталығының мамандары қан орталығының қызметкерлеріне үнемі оқыту семинарларын өткізеді, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді және медицина қызметкерлеріне кеңес береді.
Талқылау барысында одан әрі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі , донорларды іріктеу жүйесін жетілдіру, медициналық тексерудің сапасын арттыру және қан компоненттерін дайындау мен құюдың әр кезеңінде инфекциялық қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтау болып қалатыны атап өтілді