БҚО-дағы медицина қызметкерлеріне арналған семинар

 

Маусым 30, 2026

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығынасәйкес Батыс Қазақстан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алуорталығы проктолог дәрігерлерге, хирургтерге және ерлерді қарап-тексерукабинеттерінің мамандарына арналған облыстық семинар өткізді. Семинар Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының конференц-залында өтті. Іс-шараға Орал қаласының мемлекеттік және жекеменшік медициналықұйымдарының мамандары, сондай-ақ онлайн форматта қосылған аудандықмедициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясын ерте анықтау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, пәнаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және аноректальды аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде мамандардың клиникалыққырағылығын күшейту болды.

Семинар барысында облыстағы АИТВ-инфекциясы бойыншаэпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер ұсынылып, ерлерменжыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (ЕЖЕ) арасында АИТВ-инфекциясын анықтау ерекшеліктері, сондай-ақ проктолог дәрігерлеркүнделікті тәжірибесінде кездесуі мүмкін жыныстық жолмен берілетінинфекциялардың клиникалық көріністері қарастырылды.

Ерекше назар медициналық көрсетілімдер болған жағдайда пациенттердіАИТВ-ға тексеруге уақтылы жолдау, пациенттерді маршруттау және әртүрлідеңгейдегі медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерінеаударылды. Қатысушыларға клиникалық қырағылықты талап ететін белгілеранықталған кездегі іс-қимыл алгоритмдері ұсынылып, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының проктолог дәрігерлермен, ерлердіқарап-тексеру кабинеттерінің мамандарымен, мемлекеттік және жекеменшікмедициналық ұйымдармен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, халықтың негізгі топтарының профилактикалыққызметтер мен АИТВ-ға тестілеуге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған, Жаһандық қордың қолдауымен жүзеге асырылатын үкіметтік емес ұйымменАИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының өзара іс-қимыл тәжірибесіұсынылды. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясын ерте анықтау тиімділігінарттырудағы сектораралық өзара іс-қимылдың маңызы атап өтілді.

барлық жаңалықтар »