Бейресми білім беру – кәсіби құзыреттілікті арттыру құралы

 

Маусым 27, 2026

Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКК қызметкерлері медициналық қызметкерлерді бейресми оқыту шеңберінде ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК базасында семинар өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы №155 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2023–2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу іс-шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес ұйымдастырылды.

Оқытуға облыстың алғашқы медициналық-санитариялық және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарының дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында АИТВ-инфекциясының, мерездің және С вирустық гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу, АИТВ-инфекциясын диагностикалау, алдын алу және емдеу, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты және қатар жүретін аурулары бар пациенттерді, оның ішінде коинфекцияларды жүргізу мәселелері қарастырылды.

Емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Айман Қалиева 2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады.

«Соңғы жылдары АИТВ-инфекциясының вертикалды жұғу жолыныңтөмендеуі байқалады. Жетісу облысы үшін қол жеткізілген нәтижелерді сақтау және жаңа жағдайлардың алдын алу маңызды міндет болып қала береді. Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі көп жағдайда медицина қызметкерлерінің жұмысының сапасына және олардың сақтығына байланысты», – деп атап өтті ол.

Бүгінгі таңда облыста 364 медицина қызметкері бейресми оқытудан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды. Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін ай сайын медицина қызметкерлерінің кәсіби білімдерін арттыруға бағытталған оқыту іс-шаралары өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады.

барлық жаңалықтар »