Қамқорлық — емнің бастауына айналғанда

 

Маусым 27, 2026

Бүгінде сапалы медициналық көмек тек дәрігерлердің біліктілігімен ғана емес, сонымен қатар емделуге қолайлы ортамен де өлшенеді. Бұл әсіресе дерматологиялық орталықтар үшін маңызды, өйткені науқастар тері саулығын қалпына келтіру үшін мұнда ұзақ уақыт ем алады.

Көп жылдан бері серіктес болып келе жатқан достарымыздың:
«Витена» ЖШС
«Zalma LTD»
«LifeMedHolding» компанияларының қолдауымен орталығымыз жаңа жиһаздармен толықты. Жайлы төсектер, үстелдер мен орындықтар, қолдануға ыңғайлы тумбочкалар орнатылды және сапалы төсек-орын жабдықтары төселді. Сырттан қарағанда ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, бірақ дәл осы жайлылық пациенттің өзін сенімді әрі тыныш сезінуіне көмектеседі. Ал бұл — сауығуға тікелей әсер етеді.
ҚДИАҒО стационарындағы пациенттеріміз жаңашылдықтарға оң бағасын беріп үлгерді.
— Мен бұл жерде төртінші рет ем алып жатырмын. Орталықтың іші үйдегідей жайлы боп қалғанына қуаныштымын. Жаңа төсектер өте ыңғайлы, әсіресе ауырсыну мен мазасыздық тудыратын тері ауруы кезінде демалуға өте қолайлы, — дейді Атыраудан келген Айгүл.
Сапалы матрастар мен ыңғайлы төсек құрылымдары денеге түсетін салмақты азайтып, терінің тітіркенуін бәсеңдетуге және ұйқының жақсаруына көмектеседі. Ал жинақы тумбочкалар мен сақтау орындары палатадағы реттілікті сақтауға септігін тигізеді.
Жаңа төсек-орындарға ерекше тоқталғымыз келеді. Дерматологияда бұл жай жайлылық қана емес, емнің ажырамас бөлігі. Гипоаллергенді, жұмсақ әрі гигиеналық талаптарға сай маталар терінің қосымша тітіркенуіне жол бермей, тез сауығуға мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер тек пациенттерге ғана емес, медицина қызметкерлеріне де үлкен көмек. Заманауи жиһаздар дәрігерлер мен медбикелердің жұмысын жеңілдетіп, күтім көрсетуді ұйымдастыруды тиімді етеді. Нәтижесінде, мамандар әр науқасқа көбірек көңіл бөле алады, бұл ем сапасының артуына оң әсерін тигізеді.

Жаңартылған ортаны көріп, медициналық мекемеге деген сеніміміз арта түсті. Тазалық, реттілік және заманауи жабдықтар — бәрі де сенім ұялатар ортаны қалыптастырып, өзімізді білікті мамандардың сенімді қолдарына тапсырылғанымызды сезіндіреді, — деп мойындады Қызылорда облысынан келген Өмірзақ.

барлық жаңалықтар »