Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 25, 2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланнның №7552 әскери бөлімшесінің әскері қызметшілері 24 маусым күні АИТВ алдын алу тренингіне қатысып, өздерінің АИТВ-мәртебесін білді.
Тренингті Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырды. Іс-шара әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтуға және олардың әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.
Қатысу барысында қатысушыларға АИТВ-ң берілу жолдары, профилактиканың заманауи әдістері, сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңыздылығы түсіндірілді. Тестілеуден уақытылы өту және инфекцияны ерте анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мамандар әскери қызметшілердің сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді, АИТВ туралы кеңінен тараған жалған ақпараттар бойынша түсініктеме берді және шынайы ақпарат аурудың алдын алудың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.
Ақпараттық бөлім аяқталғаннан кейін барлық ниет білдірушілер ерікті және құпия экспресс-тестілеуден өтті. Шара бірнеше минут ғана алды, нәтижелер әрбір қатысушыға жеке хабарланды.
«Мен АИТВ-ға тест тапсырдым, себебі ҚР әскери қызметшісі үшін өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасау өте маңызды деп санаймын», - деді іс-шараға қатысушы Елдос К.