БҚО-да журналистер арасында өткен байқау қорытындыланды

 

Маусым 23, 2026

 Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығыұйымдастырған журналистер арасындағы байқау өз мәресіне жетті. Байқау 15 сәуір мен 15 маусым аралығында өткізілді. Оның қорытындысы бойыншаүздік материал авторлары анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Байқаудыңнегізгі мақсатытұрғындардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыру, инфекцияның алдын алу шараларын насихаттау және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті төмендетуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту.

Байқау жұмыстары «Үздік мақала», «Үздік телесюжет», «Үздік әлеуметтік желідегі бейнеролик» және «Үздік бағдарлама» аталымдары бойынша ұсынылды. Конкурстық материалдарда АИТВ инфекциясыныңалдын алу саласындағы жетістіктер кеңінен көрсетілді. Атап айтқанда, журналистер антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмірсүретін адамдардың толыққанды әрі сапалы өмір сүре алатыны, ал АИТВ жұқтырған әйелдердің дені сау балаларды дүниеге әкеле алатыны туралыбаяндады. Сонымен қатар ерте диагностикалау мен АИТВ-ға уақтылытестілеуден өтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін қазылар алқасы құрылды. Оның құрамына «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Е. Карин, облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы Л. Куарару және Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Н. Мұстаев кірді.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» аталымында «Надежда» газетінің аға тілшісі М. Мельникова, «Үздік телесюжет» аталымында «Ақжайық» телеарнасының тілшісі О. Великий, «Үздік әлеуметтік желідегі бейнеролик» аталымында «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің тілшісі Ж. Көшкінбай, ал «Үздік бағдарлама» аталымында «Ақжайық» телеарнасының редакторы Л. Бекбулатова жеңімпаз атанды.

Салтанатты шара барысында Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Н. Мұстаев тұрғындарды АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөліне тоқталды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарында ерекше рөл атқарады. Журналистердің сапалы әрі жауапты жұмысы халықтың хабардарлығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің төмендеуіне де ықпал етеді», – деп атап өтті Н. Мұстаев.

Марапаттау рәсімінің алдында журналистерге арналған ақпараттық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Батыс Қазақстан облыстықАИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Э. Хафизова бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ тақырыбын жариялаукезінде қолданылатын заманауи терминология туралы айтып берді, сондай-ақдұрыс және кемсітушілікке жол бермейтін лексиканы қолданудыңмаңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға АИТВ мен ЖИТС ұғымдарының айырмашылығы түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауапберілді.

Іс-шара соңында жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, ал белсенді қатысушылар алғыс хаттармен атап өтілді.

барлық жаңалықтар »