Біздің мамандар республикалық деңгейде лайықты құрметке бөленді

 

Маусым 23, 2026

20 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты республикалық форум өтті.

«Үздік медицина қызметкері» байқауының қорытындысы бойынша Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) қызметкерлері марапатқа ие болды:

Суханбердиева Зарина Маратқызы и Жұманова Әлия Еркінқызы.

Әріптестеріміздің кәсіби қызметіне берілген жоғары баға — олардың өз мамандығына деген беріктігінің, үлкен жауапкершілігінің және халық денсаулығын сақтау жолындағы күнделікті қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.

Әріптестерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби толағай табыстар, жаңа белестер және ең батыл мақсаттарды жүзеге асыруда сарқылмас шабыт тілейміз!

барлық жаңалықтар »