Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 18, 2026
Медицина қызметкері күні қарсаңында ҚДИАҒО-ның үздік медицина қызметкерлері марапаттарға ие болды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ҚДИАҒО директоры Р. Т. Куанышбекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыстады. Марапатталғандар қатарында:
Кикбаева Гульсум Ильясовна – дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі,
Анапияева Карлыгаш Турсынгазиевна – мейіргер, Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін,
Сураншыева Гулфия Курманжановна – санитар, Құрмет грамотасы,
Нагашбекова Гулмира Чурахановна – зертхана маманы, Алғыс хат.
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің грамоталарын алғандар:
Куанышбекова Р.Т. – директор,
Магай А.В. – диагностикалық зертхананың сапа жөніндегі менеджері,
Серғазықызы Г. – эпидемиолог көмекшісі,
Турдалиева Б.С. – директордың орынбасары,
Джуманова А.Е. – дәрігер-дерматовенеролог.
ҚДИАҒО директорының грамоталарымен марапатталғандар:
Кикбаева Гульсум Ильясовна – дәрігер,
Абденбеков Меирбек Халелулы – комплаенс-офицер,
Тонконогова Наталья Владимировна – дәрігер,
Юсупова Захидям Нурмухаметовна – санитар,
Абижанов Толеген Тилеуалдиевич – диагностикалық зертхана маманы.
Бұл марапаттар – мамандарымыздың науқастарға деген жанашырлығы, өз ісіне деген адалдығы мен күнделікті қажырлы еңбегіне берілген әділ әрі лайықты баға. Марапаттау рәсімі әріптестерімізге ерекше қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың ортақ ісімізге қосып жатқан зор үлесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жиын барысында басшылық пен әріптестер тарапынан көптеген жылы лебіздер айтылды. Расында да, дәл осындай өз ісінің шеберлері медицинаның шынайы келбетін қалыптастырып, халықтың шынайы құрметіне бөленіп жүр.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және жұмыстарында тек толағай табыстар тілейміз!