Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 2, 2026
21-22 мамыр күндері Алматы қаласында ҚДИАҒО EpiC жобасының қолдауымен «АИТВ орталықтарының психологтары, психотерапевтері, психиатрлары және серіктес үкіметтік емес ұйымдардың мамандары үшін АИТВ-мен өмір сүретін клиенттерге психологиялық қолдау көрсету және кеңес беру дағдыларын дамыту» тақырыбында екі күндік тренинг өткізді.
Оқуға Қазақстанның барлық аймағынан 29 өкіл, соның ішінде АИТВ орталықтарының психологтары, психотерапевтері, психиатрлары мен медбикелері, сондай-ақ EpiC жобасының серіктес ұйымдары – «Answer» ҚҚ және «Ты не один» ҚҚ тең құқылы навигаторлары қатысты.
Тренингтің мақсаты – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға психологиялық кеңес беру сапасын арттыру және антиретровирустық терапияны (АРТ) ұстануды қолдау бойынша мамандардың дағдыларын нығайту болды. Бағдарлама психикалық бұзылыстарды анықтау, емдеуге бейілділік бойынша кеңес беру, ынталандыратын кеңес беру әдістерін қолдану және ведомствоаралық өзара әрекет ету мәселелерін қамтыды.
Оқыту барысында қатысушылар АИТВ орталықтарындағы психологиялық қызмет жұмысының нормативтік-құқықтық аспектілерін, құжаттама жүргізу, клиенттерді бейінді мамандарға жіберу (маршруттау) және АИТВ қызметі мен психикалық денсаулық жүйесі арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Республикалық психикалық денсаулық орталығының сарапшылары АИТВ-мен өмір сүретін адамдардағы депрессиялық және үрейлі бұзылыстарымен, сондай-ақ тәуелділікпен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін ұсынды. EpiC командасының жеке сессиясы АРТ-ға бейілділікті қолдау үшін ынталандыратын кеңес берудің тиімді құралдарына арналды.
Тренингтің практикалық бөлімінде кеңес беру дағдыларын пысықтау және EpiC жобасы бейімдеген ынталандыратын кеңес беру құралдарын қолдану қарастырылды. Қатысушыларға күнделікті жұмыста қолдануға арналған практикалық құралдары мен алгоритмдері бар, жоба әзірлеген арнайы флипчарттар табысталды.
Тренинг АИТВ қызметі мен серіктес ұйымдар мамандарының әлеуетін арттырудағы, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қолдау сапасын жақсартудағы маңызды қадам болды.