Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 1, 2026
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКК жанындағы мамандар Талдықорған қалалық емханасы жанындағы Жастар денсаулық орталығының өкілдерімен, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандарымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу мәселелері талқыланды. Жастардың хабардарлық деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ профилактикалық жұмыстар саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Кеңеске қатысушылар білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдерін қарастырып, профилактикалық қызметті жетілдіру жолдарын талқылады және алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын белгіледі.
Профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі М.Матембаева 2026 жылдың басынан бері бөлім мамандары Жетісу облысының білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Профилактикалық іс-шаралармен 11 жалпы білім беретін мектеп, 14 колледж және 1 жоғары оқу орны қамтылды. Барлығы 1400 оқушы мен студент және 554 мұғалім ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.
М.Матембаева жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ алдын алу қоғамдық денсаулықты сақтаудың маңызды бағыттарының бірі екенін және денсаулық сақтау мен білім беру ұйымдарының тығыз ынтымақтастығын талап ететінін атап өтті. Тек бірлескен жұмыс арқылы жастардың хабардарлығын арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралу қаупін төмендетуге болады.
Бүгінгі дені сау жастар – ертеңгі қоғамның жарқын болашағының кепілі. Өскелең ұрпақтың біліміне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне инвестиция сала отырып, біз елдің тұрақты дамуының берік негізін қалыптастырамыз.