Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Мамыр 28, 2026
Медициналық ұйымдарға мониторингтік сапарлар кестесіне сәйкес Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» КМК эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А. Қарипханова ШЖҚ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, заманауи алдын алу шаралары, диагностика әдістері және Жетісу облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Ерекше назар ауруды ерте анықтау, инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау және медицина қызметкерлерінің кәсіби қырағылығын арттыру мәселелеріне аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, халық денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету болды.
Семинар ашық диалог және белсенді кәсіби пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және тәжірибе алмасты. Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Кездесу барысында А. Қарипханова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес пациенттерді клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына уақтылы тексерудің маңыздылығын атап өтті.
Дәрігер-эпидемиолог А. Қарипханова: «АИТВ-инфекциясының созылмалы инфекциялық ауру екенін атап өтті. Ауруды уақтылы анықтап, антиретровирустық терапияны дер кезінде тағайындаған жағдайда, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды әрі белсенді өмір сүре алады». Осыған байланысты АИТВ-инфекциясының алдын алу, ерте диагностикалау және халықтың осы мәселе бойынша хабардарлығын арттыру ерекше маңызға ие.
