Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Мамыр 28, 2026
Астанада елордалық колледж студенттері арасында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған шағын футбол турнирі өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мақсатында ұйымдастырды.
Турнир форматы жастарды жадыны қастерлеу, ынтымақ, салауатты өмір салты және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау идеялары төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық викторина ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін тексеріп, пайдалы ақпарат алып, естелік сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, алаңда ақпараттық үстел жұмыс істеп, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары, алдын алу шаралары және тұрақты тексерілудің маңыздылығы бойынша кеңес берді. Қатысушылар үшін АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылды.
Астана қаласы әкімдігінің АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Денис Панченко ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды халықаралық еске алу күні қоғамның профилактика мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау мәселелеріндегі ортақ жауапкершілігін еске салатынын атап өтті. «Бүгінде АИТВ инфекциясын бақылауда ұстауға болады, ал уақтылы тестілеу мен ем қабылдау адамның толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – профилактика туралы ашық айту, тестілеу мәдениетін қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітусіз қолдау», - деді Денис Панченко.
Халықты қосымша ақпараттандыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратының қасбетіне ақпараттық материалдар орналастырылды. Бұл АИТВ инфекциясының алдын алу және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы кең аудиторияның назарын аударуға мүмкіндік береді.
