Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Мамыр 22, 2026
Ақтөбе облысында инъекциялық есірткіні тұтынатындар (ИЕТ) арасында АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу жұмыстары жалғасуда. Зерттеу АИТВ, С вирусты гепатиті мен мерездің таралу жағдайын зерделеуге, сондай-ақ халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалау (ЭҚТ) Қазақстанда жыл сайын немесе екі жылда бір рет өткізіліп, АИТВ профилактикасы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – инфекцияның таралуы, халықтың ақпараттану деңгейі және жұқтыруға әсер ететін қауіп факторлары туралы объективті мәліметтер алу.
Зерттеуге Ақтөбе қаласының 18 жастан асқан ИЕТ санатындағы тұрғындары қатысуда. ЭҚТ аясында мамандар анонимді кеңес беру, сауалнама жүргізу және АИТВ, С вирусты гепатиті мен мерезге тестілеу жұмыстарын өткізеді. Барлық тексерулер құпия түрде және ерікті негізде жүргізіледі.
Ерекше назар тек зертханалық диагностикаға ғана емес, профилактикалық жұмыстарға да аударылады. Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қорғану шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі. Оң нәтиже анықталған жағдайда мамандар пациенттерді қосымша тексеру мен ем алу үшін бейінді дәрігерлерге жолдайды.
Зерттеу жүргізу барысында заманауи диагностика әдістері, соның ішінде экспресс-тестілеу мен құрғақ қан тамшысын зерттеу тәсілдері қолданылады. Мәліметтер «e-Den» электрондық жүйесі арқылы жиналады, бұл алынған ақпаратты талдаудың дәлдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
АИТВ орталығы мамандарының айтуынша, мұндай зерттеулер АИТВ-инфекциясының таралу үрдістерін уақытылы анықтауға, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалауға және халық денсаулығын қорғау бойынша алдағы шараларды жоспарлауға көмектеседі.
- «Эпидемиологиялық қадағалау – АИТВ-инфекциясы бойынша нақты жағдайды түсінудің маңызды құралы. Осындай зерттеулердің арқасында біз профилактикалық бағдарламаларды жетілдіріп, халықтың ақпараттану деңгейін арттырып, көмекке мұқтаж адамдарға қажетті қолжетімділікті қамтамасыз ете аламыз» – деді АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігері Жұмагүл Қузбакова.
ЭҚТ аясында сондай-ақ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейі бағаланып, қауіпті мінез-құлық факторларына талдау жасалады және медициналық әрі профилактикалық қызметтердің қолжетімділігі зерттеледі. Алынған нәтижелер өңірдегі профилактикалық іс-шараларды одан әрі жоспарлауға негіз болады.
Жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына және Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізілуде. Бағдарламаның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету, халық денсаулығын сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.