Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Мамыр 18, 2026
Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген.
Бұл күннің негізгі мақсаты – індеттен көз жұмғандарды еске алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету және қоғам назарын дерттің алдын алуға аудару.
Еске алу күні – бұл мәселенің бізге қаншалықты жақын екенін көрсетіп, АИТВ инфекциясынан қорғану үшін қауіпсіз әрекеттің қарапайым ережелерін сақтап, уақтылы тексеріліп тұру қажеттігін еске салуға берілген тағы бір мүмкіндік. Бүгінде антиретровирустық терапияның (АРТ) мүмкіндіктерінің арқасында, дәрігерлердің кеңесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда, АИТВ инфекциясымен де өмір сүру сапасын сақтап қалуға болатынын білеміз. Вирусты уақтылы анықтау толыққанды өмір сүруге, яғни еңбек етуге, отбасын құрып, дүниеге дені сау ұрпақ әкелуге мүмкіндік береді.
Биыл «А=Ж» (Анықталмайтын = Жұқпайтын) бастамасына он жыл толып отыр. Бұл – ғылыми дәлелденген қағида, оған сәйкес АРТтерапия қабылдайтын және вирустық жүктемесі анықталмайтын деңгейге жеткен АИТВ-ға шалдыққан адам вирусты жыныстық жолмен басқаларға жұқтыра алмайды. «А=Ж» бүгінде халықаралық науқанға айналды.