ҚДИАҒО докторанты Зальцбургте өткен халықаралық семинарда баяндама жасады

 

Мамыр 15, 2026

«ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университеті мен ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ШЖҚ РМК екеуініңбіріктірілген докторантурасының PhD докторанты Жарылқап Ұлпан Талғатқызы Open Medical Institute ұйымдастырған халықаралық «Salzburg Weill Cornell Seminar in Dermatology» семинарына қатысты.

Білім беру бағдарламасына қатысу үшін ұйымдастырушылар әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш білдірген 160-тан астам үміткердің ішінен 33 жас маманды іріктеп алды. Олардың қатарында Жарылқап Ұлпан Талғатқызы да бар.

Қазақстандық жас маман көпшілік назарына Қазақстандағы буллезді эпидермолиздің клиникалық жағдайына арналған баяндама ұсынды. Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Халықаралық ғылыми-білім беру іс-шарасына қатысу шетелдік әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасуға және дерматологияның заманауи бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

ҚДИАҒО докторанты Зальцбургте өткен халықаралық семинарда баяндама жасады

барлық жаңалықтар »