Астана қаласындағы Медициналық кеңес отырысы

 

Мамыр 15, 2026

Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Медициналық кеңес отырысы өтіп, онда 2025 жылғы қызмет қорытындылары шығарылды. Бөлім меңгерушілері негізгі көрсеткіштер, жетістіктер мен түйткілді мәселелер бойынша баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен таралуының алдын алу, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру және клиникалық мониторинг мәселелері айтылды.

Астана қаласы бойынша 15-49 жас аралығында АИТВ-ның таралу деңгейі 0,36 % көлемінде сақталып отыр, халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту 27,3 %-ды, антиретровирустық терапиямен қамту 92 %-ды, антиретровирустық терапияның тиімділігі 94 %-ды құрады. Сонымен қатар талдауды, қайта қарауды және тиісінше оңтайландыруды қажет ететін мәселелер мен процестер бар.

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Денис Панченко отырысты қорытындылау барысында мақсатты индикаторларға қол жеткізумен қатар іске асырылып жатқан іс-шаралардың сапасына, оның ішінде АРТ-ға бейімділікке, профилактикалық бағдарламаларға бейімділікке, халықтың негізгі топтары үшін ДК қызметтерінің қолжетімділігіне назар аудару қажет екенін, «95-95-95» стратегиясын іске асыруды тиімді жалғастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейтуді атап өтті.

Астана қаласындағы Медициналық кеңес отырысы Астана қаласындағы Медициналық кеңес отырысы Астана қаласындағы Медициналық кеңес отырысы

барлық жаңалықтар »