Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Мамыр 12, 2026
Мамыр айының үшінші жексенбісінде әлем дәстүрлі түрде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алады. Алайда бұл күн тек еске алу ғана емес, сонымен қатар бүгіннің өзінде өмірді сақтауға мүмкіндік беретін жетістіктерді еске салу. Соңғы онжылдықта мұндай серпілістердің бірі — «А=Ж» қағидаты, яғни анықталмайтын — жұқпайтын.
Осылайша, Ақмола облысында АИТВ-мен өмір сүретін 1 169 адам бар. Олардың 99%-ы антиретровирустық терапия алады, бұл емдеумен қамтудың жоғары деңгейін және пациенттердің емге бейілділігін көрсетеді. Терапияны үш айдан астам уақыт қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме анықталмайтын деңгейде. Бұл туралы Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицина қызметкерлері 12 мамырда өткен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Бұл ең маңыздыны білдіреді: мұндай жағдайда адам вирусты жыныстық жолмен жұқтырмайды. Осы ұстаным — жорамал емес, ғылыми дәлелденген факт. 2000-жылдардың басында-ақ Угандадағы зерттеулер вирустық жүктеме деңгейі мен вирустың берілу қаупі арасындағы байланысты көрсетті. Кейін бұл қорытындылар әртүрлі елдердегі мыңдаған жұптарды қамтыған халықаралық HPTN-052 және PARTNER жобаларымен расталды. 2016 жылы ғалымдар мен белсенділер бұл білімді нақты әрі түсінікті тұжырымға айналдырды — «Анықталмайтын = жұқпайтын» («Undetectable = Untransmittable»), ол бүгінгі таңда бүкіл әлемде мойындалған.
— Егер вирустық жүктеме анықталмайтын деңгейде сақталса, АИТВ жыныстық жолмен берілмейді — бұл халықаралық деңгейде мойындалған факт, — деп атап өтті Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері- Нұрлан Ахильбеков. — Бүгінде біздің пациенттер үшін терапия толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Пациенттермен мынадай: инфекционист дәрігері, медбике және психолог мамандар тобы жұмыс істейді. Олардың міндеті — тек ем тағайындау ғана емес, сонымен қатар адамға диагнозды қабылдауға және терапияға бейілділікті сақтауға көмектесу.
Орталықтың емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі - Сандугаш Бурмаганованың айтуынша, заманауи медицина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды әрі белсенді өмір сүруге — жұмыс істеуге, қарым-қатынас құруға, отбасы құруға мүмкіндік береді. Алайда соған қарамастан, бұл аурудың айналасында әлі де мифтер мен қорқыныштар сақталып отыр. Көптеген адамдар әлі күнге дейін «А=Ж» қағидаты туралы білмейді немесе оған сенбейді.
Дәл осы жерде бір парадокс туындайды: ғылыми прогресс қоғамдық қабылдаудан озып отыр. Қорқыныш пен стигма әлі де адамдарға уақтылы тест тапсыруға немесе емді бастауға кедергі келтіреді.
Сонымен қатар мамандар мәселенің басқа жағына да назар аударады. «А=Ж» қағидаты тек бір шарт орындалғанда ғана жұмыс істейді — терапияны тұрақты қабылдау және медициналық бақылауда болу. Ем тәптібін бұзу вирустық жүктеменің артуына әкеліп, вирустың берілу қаупін қайта туындатуы мүмкін. Бұдан бөлек, барьерлік қорғаныс құралдарынан бас тарту жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардың қаупін арттырады.
ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды халықаралық еске алу күні — бұл тек өмірін осы ауру алып кеткен жандарды құрметтеу ғана емес, сонымен қатар қайта ойлануға мүмкіндік: АИТВ — үкім емес. Бүгінде «А=Ж» қағидатының ғылыми түрде дәлелденгеніне он жылға жуық уақыт өткенде, бұл ақпаратты әр адамға жеткізу маңызды.