ҚР Конституциясын зерделеу

 

Мамыр 5, 2026

ҚДжИАҒО-да 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Қабылданған Конституция еліміздің саяси-құқықтық дамуының заманауи кезеңін айқындайды және «Әділетті Қазақстан» құндылықтарын нақты бекітеді. Оның негізінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басты орын алады.

Қызметкерлерге азаматтардың денсаулығын қорғау құқығына кепілдік беретін негізгі нормалар түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында халық денсаулығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Басты бағыттардың бірі – білім мен ғылымның, соның ішінде медициналық білімнің, мемлекеттің тұрақты дамуы мен адами капиталды қалыптастырудағы маңыздылығы.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары аясында конституциялық нормаларды кәсіби қызметте іс жүзінде қолдану тетіктері талқыланды.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру, этикалық стандарттарды сақтау және мамандардың халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Конституциялық қағидаттарды ұстану денсаулық сақтау жүйесіне және жалпы мемлекеттік институттарға азаматтардың сенімін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

барлық жаңалықтар »