Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 29, 2026
28 сәуірде АИТВ-инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара әрекет ететін Елдік үйлестіру комитетінің (ЕҮК) серіктестері ЖҚ 8-раундыныңгрант алуға арналған өтінімін дайындау мәселесін және эпидемиологиялық жағдайды талқылады.
Кездесуге ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша портфолио менеджері Цовинар Саканян қатысты.
ҚДжИАҒОдиректоры Роза Тохтаналиевна Қуанышбекова қатысушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Ол жетістіктер қатарында өткен жылмен салыстырғанда елде АИТВ-ның жаңа жағдайларының 10 пайызға төмендегенін, сондай-ақ ЖИТС-тен болатын өлім-жітімнің азайғанын атап өтті. Жүкті әйелдерді АИТВ-ға екі мәрте тестілеумен қамту бойынша оң үрдіс қалыптасты, бүгінде бұл көрсеткіш 99 пайызды құрайды. Сонымен қатар, АИТВ-ға зерттеумен қамту деңгейі жоғары – жыл сайын шамамен 5 миллион адам тексеруден өтеді.
Сонымен бірге, АИТВ-ны кеш анықтау (55%), генотиптеуге тариф енгізу, жалпы халық арасында вирустың анықталуын арттыру сияқты бірқатар мәселелер шешуді талап етеді.
Қатысушылар ЖҚ-ның елдік грант алуға арналған өтінімін әзірлеудің біліктілік критерийлері мен циклін талқылап, үдерістің ашықтығы мен азаматтық қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.