Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 21, 2026
Алматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Жаһандық қор бірлесіп ұйымдастырған «Өмір үшін бірлік» атты диалог алаңында сарапшылар АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикалау және емдеу шараларын, сондай-ақ қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мәселелерін талқылады.
«Тек ашық диалог пен ресурстарды біріктіру арқылы ғана біз АИТВ инфекциясының таралуына тиімді қарсы тұрып, пациенттердің өмір сапасын жақсарта аламыз. Бүгінде елде ЮНЭЙДС-тің «95–95–95» стратегиясының көрсеткіштері: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87%-ы өз мәртебесін біледі, олардың 89%-ы антиретровирустық терапия алады, ал ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған», – деп атап өтті ҚДИАҒО директоры Роза Қуанышбекова.
Талқылау барысында тестілеуді кеңейту, үздіксіз терапиямен қамтамасыз ету, емге бейілділікті арттыру және стигманы төмендету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігі атап өтілді.
Диалог алаңы барлық мүдделі тараптардың арасындағы іс-қимылды үйлестіруге, тәжірибе алмасуға және әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тиімді платформаға айналды.