Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 13, 2026
9-10 сәуірде Ғылым жұмыскерлері күніне орай «Ж.А. Оразымбетова атындағы VII дерматологиялық оқулар» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 200-ден аса қатысушылар жиналды.
Шараны ұйымдастырушы - «Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы» ҚБ-мен, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетімен, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің дерматовенералогия кафедрасымен серіктестік ҚР ДСМ ШЖҚ «Қазақ дерматология және инфекциялық аруулар ғылыми орталығы» РМК.
Дерматологиялық оқулар дәстүрлі түрде ғылыми байланыс орнату, пәнаралық өзара іс-қимылды қалыптастыру, озық тәжірибе алмасу және оны дерматовенерология, дерматокосметология және сабақтас мамандықтар саласында медициналық көмек көрсету кезінде енгізу үшін тұрақты алаң ретінде өткізіледі.
Бұл жыл сайынғы іс-шара ұстаз, ғалым, профессор, белгілі дерматовенеролог-дәрігер — Жұмагүл Әбішқызы Оразымбетованы еске алумен жүргізіледі. Ол еліміздің Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушылардың бірі бола отырып, еліміздің дерматовенерология қызметінің ғалымдары мен клиницистерінің тұтас буынын тәрбиелеп шығарған тұлға.
Ғылыми пікірталастар мен презентациялардың тақырыптары жыл сайын кеңейіп, дерматовенерология, дерматокосметология және лепрологияның түрлі салаларын қамтуда. Биылғы оқуларда түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу ғана емес, сонымен қатар гендік-инженерлік терапияның аясын кеңейту және жасанды интеллектті (ЖИ) енгізу мәселелері талқыланды. ЖИ әлемдік дерматологияда қазірдің өзінде сәтті қолданылуда. ҚДжИАҒО (КНЦДИЗ) ғалымдарының пікірінше, ЖИ деректерді тезірек өңдеп, диагностика жолын қысқарта алады, бұл емді ертерек бастауға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруі хақ. Конференцияға қатысушылар арасында - Қазақстан, Ливия, АҚШ және Өзбекстаннан келген ғалымдар мен дәрігерлер.
АҚШ-тан келген доктор Assel Salimova «Беттің төменгі үштен бір бөлігінің депрессорлары - таңбалау, мөлшерлеу, тереңдігі» тақырыбымен таныстырды. Ливиялық дәрігер Saleh Amjed Aamer шұғыл косметологиядағы анестезиологиялық көмек құралдарын ұсынды. Өзбекстандық дерматовенеролог-дәрігерлер Марат Ещанов және Надежда Сергеева Қарақалпақстан Республикасындағы дерматовенерологиялық қызметтің құрылымы, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ сифилисті диагностикалаудың заманауи әдісі — ИХЛА туралы баяндады.
Атопиялық дерматитті диагностикалау және емдеу тақырыбы халықаралық конференцияда ең көп талқыланған мәселелердің бірі болды. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде әлемде адамдардың шамамен 4 пайызы осы аурумен бетпе-бет келеді. Бұл дерт емделушілердің өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді. Дегенмен, ҚДжИАҒО мамандары жаңа препараттармен терапияны ерте бастау арқылы терінің толық немесе толық дерлік тазаруына қол жеткізуге болатынына сенімді.
Постерлік баяндамалар байқауы ҚДжИАҒО резидент-дәрігерлерінің жоғары дайындығы мен барлық қатысушылардың шығармашылық көзқарасын көрсетті. Жас ғалымдар тарапынан 15 постерлік баяндама ұсынылды. Үздік жұмыс авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.