Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 7, 2026
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ҚДжИАҒО резиденттері «Тәуекел трендте емес» ұранымен челлендж өткізді.
Биылғы жылғы Денсаулық күнінің тақырыбы «Бір денсаулық» атты негізгі тәсілді біріктіреді. Бұл адам денсаулығының тікелей қоршаған ортаның, жануарлардың және бүкіл экожүйенің жай-күйімен байланысты екенін білдіреді. Тек бірлескен, ғылыми негізделген шешімдер ғана қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Күннің ұраны - "Денсаулық үшін бірге. Ғылымды қолдаймыз".
Бір апта бойы - 1-7 сәуір аралығында біздің резиденттер өз денсаулығын сақтау, ЖЖБИ-дің алдын алумен айналысу және оның неге маңызды екені туралы айтып берді.
Челленджге қатысушылар өз өмір сүру салтына саналы және жауапкершілікпен қарау халықтың денсаулығын нығайтуға, аурушаңдық деңгейін төмендетуге, келешек ұрпақты сауықтыруға септігін тигізетін нақты үліглермен азаматтардың көңіл-күйін жақсартатынын атап өтті.
Қазақстан қазіргі заманғы технологияларды енгізуден бастап алдын алу мен ерте диагностиканы күшейтуге дейін денсаулық сақтау саласындағы ғылымның дамуын дәйекті түрде қолдайды.
Тек бірге біз тұрақты денсаулық сақтау жүйесін құра отырып, әрқайсысымыз үшін болашақ денсаулықты қамтамасыз етеміз.