Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 3, 2026
3 сәуірде ҚДжИАҒО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде жиналыс өтті.
Белгілі болғандай, бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Айғақтылықты арттыру, этикалық стандарттарды дамыту, қызметтерді цифрландыру және қоғамның қатысуы - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи модельді қалыптастыратын құралдар.
Жиналысқа қатысушылар алдында ҚДжИАҒО комплаенс-офицері М. Әбденбеков сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол құқықтық сана деңгейін арттырудың және күнделікті қызметте Этикалық кодекс нормаларын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Заңдылық, адалдық және айғақтық қағидаттарын қатаң сақтаған кезде ғана медициналық көмектің сапасын, халық тарапынан сенімділікті және ұйымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.
12 мамырға дейінгі кезеңде орталықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның қорытындылары талқыланатын болады.
Денсаулық сақтау саласы халыққа өмірлік маңызы бар қызметтер көрсетумен, ресурстарды бөлумен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаумен тікелей байланысты болғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жоғары санатына жатады. Сондықтан белгіленген нормалардан кез келген ауытқуға жол берілмейді.
