Қазақстанда АИТВ- ны емдеудің тиімділігі - 94 пайыздан астам

 

Ақпан 26, 2026

1 наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен «Дискриминацияға ноль» күні атап өтіледі. Биылғы жылдың ұраны - «Ең алдымен адамдар».

Мемлекеттің АИТВ- ға байланысты құқықтарды қорғау, дискриминацияның қандай да бір нысандарына жол бермеу туралы кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте заңнамалық деңгейде бекітілген.

Елде «Белгіленбейтін тең берілмейтін» «Н=Н» ұстанымы қолданылады. Бұл ұстанымға сәйкес, АИТВ-мен өмір сүретін, антиретровирустық терапияны қабылдайтын және вирустық жүктемесі төмен адам вирусты жыныстық серіктесіне бере алмайды. Тұжырымдама әлемдік ғылыми зерттеулермен толығымен расталған.

Елде ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы iске асырылуда, ол АИТВ - инфекциясына байланысты алдын алуды, тестiлеудi, емдеудi және күтiмдi қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде АИТВ бар адамдардың 86 пайызы өз мәртебесін біледі, олардың 92 пайызы антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдайды, АҚТҚ бар адамдардың 94 пайызы вирустық жүктемені басады.

Еліміздің барлық өңірлерінде алдын алудың инновациялық түрі - байланысқа дейінгі түрі енгізілуде. 13 мыңнан астам адам АИТВ-ның алдын алудың осы әдісін қолданады. Жыл сайын халықтың негізгі топтарының өкілдері АИТВ-ға тестіленуде. Негізгі топтарды тестілеудің қолжетімділігін кеңейту мақсатында халықаралық ұсынымдарға сәйкес АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарда өткізуге болады. АИТВ бар әйелдердiң 98% -ы денi сау бала туады. Науқастарға диагноз қойылғаннан кейін бірден тағайындалатын және тегін берілетін АРТ қолжетімді болады.

- Бұл нәтижелерді жақсарту үшін мемлекеттің, ҮЕҰ-ның, азаматтық белсенділердің күш-жігерін жұмылдыру қажет. Жалпы міндет - стигма мен дискриминацияны толығымен жою. Оны орындау АИТВ-инфекциясының өсу қарқынын едәуір қысқартуға ықпал ететін болады - деп санайды                           ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Роза Қуанышбекова.

2026 жылы «Дискриминацияға ноль» күні әлемде міне 12-ші рет атап өтілуде.

 

барлық жаңалықтар »