ЮНФПА-мен стратегиялық серіктестікті бекіте отырып

 

Ақпан 17, 2026

13 ақпанда ҚДжИАҒО-дағы кезедсуде серіктес болудың алдағы жоспарлары талқыланып, ЮНФПА-мен 2026-2027 жылдарға презервативтер мен лубриканттар сатып алу бойынша қосымша келісімге қол қойылды.

Келісімге ҚДжИАҒО директоры - Роза Қуанышбекова және БҰҰның Қазақстандағы Қорының (ЮНФПА) Қазақстандағы тұрғын халық саласындағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстандағы ел директоры Чинва Огбона қолын қойды.

Келісімге, ЮНФПА-ның Қазақстандағы негізгі халық тобы үшін АИТВ-ның алдын алу құралдарын жеткізуді қамтамасыз етуіне сәйкес, ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Ғаламдық Қоры грантының тарапынан 2024-2026 жылдарға қол қойылды. 

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелерін талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың басымдықтарын айқындады. Олардың ішінде:

- АИТВ және мерезбен ауыратын балалардың тууын болдырмау үшін МСАК-пен жұмысты күшейту;

- ақпараттық-білім беру және ағарту жұмыстарын жандандыру;

- АИТВ-ны қоса алғанда, ЖЖБИ-ді тарату жөніндегі бағдарламаларға зерттеу жүргізу;

- өңірлерде ДЭН ұйымдастыру.

Естеріңізге сала кетейік, ЮНФПА және ҚДжИАҒО көптеген жылдар бойы АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, эпидемиологиялық қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ клиникалық және бағдарламалық тәсілдерді әзірлеу саласында жүйелі және нәтижелі ынтымақтастықты жүзеге асыруда.

барлық жаңалықтар »