Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 16, 2026
13 ақпанда ҚДжИАҒО-да Дүниежүзілік жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу күні (ЖЖБИ) аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шара халықты ЖЖБИ алдын алу, диагностикалау және уақытында емдеу жөнінде құлақтандыруын арттыруға бағытталған. Ашық есік күні студенттерден бастап, өз денсаулығын сақтауға мүдделі егде жастағы адамдарға дейін ұйымдастырылды.
Дерматовенеролог дәрігерлер ең көп таралған инфекциялар, олардың берілу жолдары мен қорғау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Құпиялылық және тұрақты тексерудің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келушілер үшін тегін кеңес беру және ПТР тестілеу ұйымдастырылды. Мамандар жеке әңгімелесіп, сұрақтарға жауап берді және жыныстық денсаулыққа байланысты кең таралған аңыздарды жоққа шығарды. Әрбір қатысушы репродуктивті денсаулықтың қолдау және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар алды. Сондай-ақ, іс-шара аясында ҚДжИАҒО резиденттері үшін интерактивті семинар өткізілді. Қатысушылар ЖЖБИ-ді заманауи емдеу әдістері мен әлемдік трендтермен танысты. ҚДжИАҒО -ның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі С.Оспанова пациенттерді емдеу ерекшеліктері туралы айтып берді, дерматовенеролог-дәрігер Е.Құркымбаев ЖЖБИ диагностикасы үшін материал алу техникасы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Орталық алдағы уақытта да осындай кездесулерді өткізуді жоспарлап отыр.