Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 12, 2026
ҚДжИАҒО ДДҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда. ЖИТС, вирустық гепатит, ЖЖБИ-ді 2022-2030 жылдарға жою бойынша өңірлік іс-қимыл жоспарына сәйкес бірлескен іс-шараны жоспарлау мақсатында, ҚДжИАҒО-да 4 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі және ДДҰ-ның қатысуымен онлайн- мәжіліс өткізілді.
Халықаралық сарапшылар Қазақстан 2022-2030 жылдарға арналған ЖИТС, вирустық гепатит, ЖЖБИ-ді 2022-2030 жылдарға жою бойынша өңірлік іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша айтарлықтай күш салатыны атап өтілді. Қазақстан Республикасында «АИТВ-инфекциясын 2023-2026 жылдарға болдырмау бойынша іс-шараны іске асыру туралы» Жол картасы әзәрленді. 2025 жылы ҚДжИАҒО қызметкерлерімен ДДҰ-ның қолдауымен екі зерттеу жүргізілген: АИТВ-ны диагностикалау алгоритмін оңтайландыру үшін ғылыми-растамалы және АИТВ- инфекциясының кеш диагностикалауына талдау. Осы зерттеулердің қорытындылары жаңа Жол картасын әзірлеген кезде назарға алынатын болады.
2027-2030 жылдарға Жаңа Жол картасын әзірлеу ағымдағы жылы жоспарлануда. Қатысушылар түрлі халық тобының қажеттіліктеріне жауап беретін, көрсетілетін қызметтің сараланған модельдері негізінде басымдылықтар мен негізгі іс-шараларды талқылады. Қызметтерді ұсынудың тиімді модельдері мен инновацияларын енгізу қажеттілігі атап өтілді.