Ганзен ауруы және дерматоз

 

Ақпан 2, 2026

30 қаңтарда ҚДжИАҒО-да Дүниежүзілі алапеспен ауратын адамдарға көмек көрсету тарапында ойлайн-семинар өтті.

Отандық сарапшылар қатысушыларға:

- алапестің клиникалық көріністері;

- ДДҰ-ның алапеспен күрес жөніндегі жаһандық стратегиясы;

-  лейшманиоз;

- пигменттік бұзылулар;

- папулездік дерматоздар;

- тропикалық инфекциялардың тері көріністері

2025 жылғы желтоқсанда Ташкентте өткен ДДҰ-ның ВЕЦА елдеріндегі алапесті жою бойынша күш-жігерді нығайту жөніндегі субөңірлік семинары тақырыбындағы ең соңғы жаңалықтар туралы Қазақ республикалық лепрозорийінің бас дәрігері М. Сейталиев айтып берді.

Қазақ республикалық лепрозорийінің диспансерлік бөлімінің меңгерушісі А.Нұрғалиева алапесті диагностикалау және емдеу тәжірибесімен бөлісті.

ҚДжИАҒО дәрігер-резиденттері өз баяндамаларын ұсынды.

Семинарға қатысушылар алапеспен ауыратындарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясына бастамашы болды. Лепрозорий науқастардың өтініші бойынша оларға индукциялық пеш, ыдыс-аяқ, сондай-ақ арнайы қол кремдерін сатып алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сегіз жылдан бері алапес ауруының жаңа жағдайлары тіркелмеген. Бүгінде елімізде алапеспен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Алапеспен тек ересек жастағы тұрғындар ғана ауырады, бұл осы инфекцияның өшіп бара жатқан ошақтарына тән.

барлық жаңалықтар »