Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қантар 20, 2026
Толқын, 51 жас, Атырау қ.
Псориаз - менің тұқым қуалайтын ауруым. Бұл аурумен анам да зардап шеккен. 4 әпкелі-сіңлілі болсақ та, псориазды тек мен ғана мұра етіп қалдым. Бұл диагнозды маған қойғанына міне үш жыл болды. Ауру озбыр болды.
Қолым, әсіресе аяқ-қолым қатты зақымданды - олар ауыратын және қансырайтын, содан мен жүре алмай да қалатынмын. Сол себепті жұмысымнан айрылдым. 3 топтағы мүгедекпін. Күйеуімнің туыстарынан псориазды жасырамын, себебі олардың бұл ауруға теріс көзқарасы бар.. ҚДжИАҒО стационарында емдеу курсынан өткенде, ауруды айтарлықтай жеңілдетеді.
Мен мұнда екінші рет келіп тұрмын. Менің айналамда түсіністікпен қарайтын адамдар бар - бұл өте маңызды. Мұнда психологиялық тұрғыда өте жеңіл. Ұжымның жөнге салынған жұмысының арқасында өткен жолы жарақаттарым жазылып, өмірге сүру үмітімен үйіме оралдым. Бүгінгі ем де оң нәтиже береді деп үміттенемін. ҚДжИАҒО медицина қызметкерлері көңіл бөле отырып өз кәсібін жақсы білетіндер.
Палаталардың жылы екенін атап өткім келеді, мұндай жылу барлық медициналық мекемелерде бола бермейді. Барлықтарыңызға: Стационар меңгерушісі - Айнұр Әбимоллақызы Таубаеваға, емдеуші дәрігерім - Әйгерім Серікбайқызы Ыдырысоваға, сондай-ақ мейірбикелер мен санитарларға емдеп мейірімділік көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.
