Пациенттен алғыс

 

Қантар 19, 2026

Замира, 39 жаста, Алматы облысынан 

- 10 жылдан астам уақыт псориаздан зардап шегіп келемін. Ауру басыма бөртпе шығудан басталды, енді арқамда, қолымда және аяғымда түйіншек пайда болды. Мен ауылда тұрамын, біздің ауруханада дерматолог жоқ, сондықтан облыстық ауруханаға барып тұрамын. Кішкентай балаларым болғандықтан барып тұру ыңғайсыз.

ҚДжИАҒО стационарында емдеу жақсы нәтиже береді. МӘМС бойынша осымен төртінші рет келдім. Әр курстан кейін жеңілдік сезінемін. Стационарда әрбір пациенттің жағдайын мұқият қадағалайтын тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді. Мейірбикелер емшараларды уақытында және сапалы түрде жүргізеді.

Медицина қызметкерлерінің барлығы жұмысқа жауапкершілікпен және адал қарайды. Стационарда тамақ дәмді.  Менің ауруым жағдайында емдәммен тамақтану өте маңызды, ал үйде өзіме дайындауға уақыт жоқ. Стационардың меңгерушісі Айнұр Әбімоллақызы Таубаеваға, емдеуші дәрігер Инжа Сәрсембайқызы Райымқұлға, сондай-ақ барлық мейірбикелер мен санитарларға жұмысқа деген мейірімділік және кәсіби көзқарасы үшін алғыс айтқым келеді.

ҚДжИАҒО-ның барлық медицина қызметкерлеріне мықты денсаулық, жұмыстарында табыс және отбасы  бақытын тілеймін!

 

 

барлық жаңалықтар »