Ашық есік күндері

 

Желтоқсан 30, 2025

 Жаңа жылдың мереке қарсаңында, 22-29 желтоқсан аралығында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар орталығында Ашық есік күндері өтті.

 Бұл күндері, қазақстандықтар, Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары тегін және құпия түрде ПТР-тесттің көмегімен профилактикалық тексерістен өте алды.

Еске салайық, ПТР-тест – бұл диагностиканың дәлдігі жоғары зертханалық әдіс, ол хламидиоз, гонорея, герпес және басқа да жұқпаларды ерте кезеңде, тіпті клиникалық симптомдар пайда болғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл әдістің артықшылықтарының бірі - оның кешенділігі: бір талдаудың көмегімен бірден бірнеше инфекцияны анықтауға болады, бұл диагностиканы неғұрлым ыңғайлы және тиімді етеді.

Бұл күндері сондай-ақ репродуктивті денсаулық, жасырын және созылмалы инфекциялық аурулардың алдын алу, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің денсаулығы мен жалпы өмір сүру сапасын сақтау мәселелері бойынша ҚДжИАҒО тәжірибелі мамандарының кеңестері қолжетімді болды. Бұл тақырып жайлы және сенімді жағдайда талқыланды. Дәрігерлер сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, тексеру нәтижелерін түсіндіріп, әрбір пациентке жеке ұсынымдар берді.

Ашық есік күндеріне қатысушылардың бірнеше пікірлерін ұсынсақ,:

Әлия, 42 жаста, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен үшін денсаулыққа деген қамқорлық - бос дыбыс емес. Жыл сайын Жаңа жыл алдында жаңа жылға дені сау және өзіне сенімді болу үшін толық чек-ап жасаймын. Сондай-ақ, бүгін өзіме қажетті тексерістерден өттім. Іс-шараны жақсы ұйымдастырғаныңыз үшін және мамандардың бөлген ықыласы үшін алғыс айтамын.

Нұрлан, 32 жаста, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Алматыда іссапарда боламын. Әлеуметтік желілерден хабарландыруды көріп, тексеруден өтуге шешім қабылдадым. Кезекке тұрмайтыны қатты ұнады, бәрі де құпия түрде, жылдам, тегін және мейірімді атмосферада. Мұндай скринингтер жиі өткізілсе, өте жақсы болар еді.

ҚДжИАҒО қызметкерлері үшін Ашық есік күндерін өткізу халықтың инфекциялық аурулардың алдын алу қажеттілігі туралы хабардар болуын арттырудағы маңызды қадам болып табылды. Мұндай іс-шаралар ауруларды дер кезінде анықтауға, асқыну қаупін төмендетуге және өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

барлық жаңалықтар »