Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 26, 2025
22-26 желтоқсанда ҚДжИАҒО мамандары Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарына мониторингтік сапар жасады.
Сапардың мақсаты - АИТВ инфекциясы бойынша эпидемияға қарсы, профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарының өкілдеріне медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау. Мамандардың назарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және АҚТҚ-ның сатылас таралуын болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі мәселелері болды.
ҚДжИАҒО қызметкерлері ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК, «ReaMed» медициналық орталығына (Ақтау қ.), «SMA» медициналық орталығына (Ақтау қ.), АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталыққа барып, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Мониторингтік топ «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясын болдырмау жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» Жол картасының нысаналы индикаторларының орындалуын талдады. Талдау қорытындысы бойынша өңірдің денсаулық сақтау басқармасына және АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталыққа ұйымдастыру және қаржыландыру жағынан келесідей ұсыныстар әзірленді:
- халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық іс-шаралар;
- өңір халқын АИТВ-инфекциясына тексеру жүргізу;
- АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды динамикалық бақылау;
- медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
- ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлуге өтінім дайындау.
Мониторингтік сапардың қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты одан әрі күшейту, халықтың хабардар болуын арттыру және 95-95-95 мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін медициналық ұйымдардың әлеуетін нығайту қажеттілігі атап өтілді.