Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 18, 2025
Петропавлдағы «Рахмет» сауда орталығында қала тұрғындары үшін ашық кеңес форматында «Қауіпсіздікке жол» әлеуметтік-ақпараттық акциясы өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары қатысты.
«Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған акция «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында өтіп, халықтың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары Әсия Шәріпова мен Раушан Есеркенова әртүрлі жастағы тұрғындарға АИТВ алдын алу мәселелері бойынша кеңес берді. Сондай-ақ, қала тұрғындары әлеуметтік қорғау, банктік мүмкіндіктер, киберқылмыстың алдын алу, психологиялық қолдау және құқықтық көмек мәселелері бойынша кеңес алды.
Акцияға келесі ұйымдардың мамандары қатысты:
* «Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ;
* «Отбасы банкі» АҚ;
* АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы.
Келушілер үшін ақпараттық буклеттер дайындалып, таратылды. Барлығы 70 дана таратылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының өкілі Оксана Симухина: «Біздің іс-шараларымыздың көпшілігі дәстүрлі түрде жасөспірімдер мен жастарға бағытталған. Бірақ дәл осындай акциялар ересек тұрғындарды қамтуға, маңызды ақпарат беруге және олардың сұрақтарына тікелей жауап беруге мүмкіндік береді».
Ашық консультациялар өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуды нығайтуға және азаматтардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік пен денсаулық шаралары туралы хабардар болуын арттыруға ықпал етеді.