Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 17, 2025
2025 жылғы 17 желтоқсанда Қарасай ауданында, Жібек жолы ауылында, Б. Момышұлы, А. Байтұрсынұлы және Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептерде 8–11 сынып оқушылары арасында «Жастар — денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық семинар өткізілді.
Семинарға 722 оқушы және 46 педагог қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, жұқтыру қаупін төмендету тәсілдері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, сондай-ақ уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша толық әрі қолжетімді ақпарат ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында АИТВ және басқа да инфекциялық ауруларға қатысты дұрыс, ашық әрі саналы түсінік қалыптастыру. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім мен ақпаратқа қолжетімділік — алдын алудың ең тиімді құралдарының бірі.
Семинар барысында АИТВ туралы жалған түсініктерді жоққа шығаруға ерекше назар аударылды.
«АИТВ инфекциясының әлеуметтік шекарасы жоқ — ол кез келген адамға әсер етуі мүмкін. Сондықтан жасөспірімдерде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру аса маңызды», — деп атап өтті СПИД орталығының эпидемиолог маманы Н. Қасымов.
АИТВ инфекциясының алдын алу — бұл денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және жастардың ортақ жауапкершілігі. Осындай іс-шаралар Алматы облысында жасөспірімдердің ақпараттану деңгейін арттырып, денсаулықты сақтауға бағытталған тұрақты уәж қалыптастыруға ықпал етеді.