Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 15, 2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында 2025 жылғы Дүниежүзілік науқанның қорытындылары жасалып, өңірдегі АИТВ-ға байланысты эпидемиологиялық жағдайы таныстырылды. Спикерлер ретінде Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Ақтілек Өмірбаев және оның орынбасары Алмагүл Мантакова сөз сөйледі.
Баспасөз конференциясында директор А.Өмірбаев өңірдің ЖИТС-пен күрестегі басты жетістіктерінің бірін атап өтті: «Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысында АИТВ-ның анадан балаға берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Бұл біздің алдын алу жүйеміздің тиімділігін, жүкті әйелдердің тексеруге қамтылуын және антиретровирустық терапияның уақтылы тағайындалуын көрсетеді. Мұндай нәтижелер - мамандардың, медициналық ұйымдардың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын әйелдердің бірлескен жұмысының жемісі».
Директордың орынбасары Алмагүл Мантакова 2025 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбымен өткенін, ол қол жеткізілген прогресті сақтау мен тұрақты алдын алу шараларын дамытуға бағытталғанын атап өтіп, негізгі нәтижелерді ұсынды:
Науқанның қорытындылары өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін, ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және профилактикалық іс-шаралардың жоғары деңгейін көрсетеді.