Түркістанда «Ханшайым плаза» кешенінде ауқымды акция өтті

 

Желтоқсан 12, 2025

Түркістан облысында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан өз мәресіне жетті. Науқан  аясында, қаланың ең ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірі "Ханшайым плаза" халықтың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық акция өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары және сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі болды.

Сауда орталығының холлында интерактивті алаң орнатылды, мұнда келушілер АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы өзекті ақпаратты ала алды. Орталық мамандары келушілердің АИТВ-ның алдын алудың заманауи тәсілдері туралы сұрақтарына жауап беріп, АИТВ-ға қатысты мифтерді жойды.

Акцияның негізгі элементтерінің бірі АИТВ-ға тегін және анонимді жедел тестілеуден өту мүмкіндігі болды. Процедура бар болғаны бірнеше минутқа созылды және тест нәтижелері әрбір келушіге жеке және құпия түрде жеткізілді. АИТВ-ға тестілеуге қатысушыларға тәттілер үлестірілуі жағымды қосымша болды. Сондай-ақ орталық мамандары АИТВ-ға толығырақ тексерілу және қажет болған жағдайда білікті көмекті қайдан алуға болатыны туралы ақпарат берді.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды қоғамдық орындарда өткізу кең аудиторияның назарын 

аударуға және АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілік деңгейін төмендетуге көмектесетінін атап өтті.

барлық жаңалықтар »