Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 12, 2025
Журналистер арасында «Білу қажет: стереотипсіз АИТВ» байқауының қорытындысы шығарылды.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне арналған ақпараттық науқан тарапында ҚДжИАҒО және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы ЮНЭЙДС-тің «АИТВ-ға жауап ретінде шақырудан түрлендіруге» ұранымен республикалық және аумақтық БАҚ журналистері арасында «Білу қажет: стереотипсіз АИТВ» атты АИТВ-ға тестілеу және оның алдын алу тақырыбын түсіндіру бойынша ең үздік жұмысқа конкурс өткізді. Конкурстың мақсаты - халықтың АИТВ бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға және ерте тестілеу мен алдын алу идеяларын ілгерілетуге ықпал ететін журналистерді көтермелеу. Конкурс жауапты журналистиканы қолдауға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік мәдениетін дамытуға бағытталған.
Қазылар алқасы қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады:
- Альберт Ахметов - «Қазақпарат» ақпарат агенттігі;
- Татьяна Аладьина - «Информбюро»;
- Нұрлыбек Қоныспаев - Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының баспасөз хатшысы.
Конкурсқа қатысқандардың бәріне алғыс айтамыз!