АИТВ инфекциясыз болашаққа.

 

Желтоқсан 11, 2025

10 желтоқсанда Алматы қаласындағы БҰҰ-ның өкілдігінде «Қазақстан Республикасында  2030+ кезеңіне АИТВ індетіне жауап қайтару шараларының тұрақтылығының стратегиялық пайымы» құжатының жобасымен таныстыру шарасы өтті.

Талқылауға мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушыларға ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінің басшысы, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Ж. Әбдірашов,                          ҚДжИАҒО директоры - Р.Т, Қуанышбекова; АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының президенті Н. Х. Аманжолов; Қазақстандағы ЮНЭЙДС кеңсесінің директоры Э.В. Гвоздева алғы сөздерін айтты.

2030 жылғы мақсаттарға қол жеткізуге және нәтижелерді одан әрі сақтауға негізделген құжат, АИТВ-ға ұлттық жауаптың ұзақ мерзімді тұрақтылығының жаңа бағдарларын көрсетеді. ЮНЭЙДС-пен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіру рәсімі және АИТВ-ға қарсы жауап шараларын іске асыруға ұлттық және халықаралық әріптестердің қосқан үлесін мойындау эмоционалды сәт болды. ҚДжИАҒО ЮНЭЙДС-ке құрмет көрсетіп, қолдағаны және өзгеріссіз серіктестігі үшін шынайы алғысын білдіреді. Алғыс хатта былай делінген: «Біз сіздердің кәсібилігіңізді, ашықтығыңызды және бірлесіп дамуға ұмтылысыңызды жоғары бағалаймыз. Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында Қазақстанда АИТВ-ға тиімді жауап беруде маңызды жобаларды табысты іске асыруға және елеулі нәтижелерге қол жеткізілді». 

барлық жаңалықтар »