Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 11, 2025
Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығында облыстық АИТВ инфекциясының мамандарының қатысуымен медициналық колледжі студенттері арасында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттеріне АИТВ-ның жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берілді.
Қауіпсіз мінез-құлық, денсаулықты қорғау және вирустың таралуын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің халықты ағартудағы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигматизация деңгейін төмендетудегі маңызды рөлін еске салды.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылып, ақпараттық- білім беру материалдары таратылды.