Абай облысының жас дәрігерлерге арналған форум

 

Желтоқсан 11, 2025

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні акциясы аясында Семей медицина университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге»  тақырыбында форум өтті. Форуды Облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығы мен Семей қаласының медицина университеті ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандарды даярлау сапасын арттыру және оларды ұлттық ұсыныстар мен халықаралық хаттамаларға сәйкес АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша заманауи біліммен қамтамасыз ету.

Форумға түрлі мамандықтағы 280-ден астам резидент пен интерн қатысты. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, Семей медициналық университетінің инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессорлары, облыстың бас пульмонологы, стоматологиялық пәндер және жақ-бет сүйек хирургия кафедрасының, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушілері өзекті баяндамалар жасады.

"АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде тыныс алу ағзаларының аурулары жиі кездейсоқ және ауыр жүреді. Дәрігер мұндай жағдайларды дер кезінде танып, емдеу тактикасын дұрыс жасай білуі тиіс", - деп атап өтті облыстың бас пульмонологы, шұғыл медицина кафедрасының профессоры Ж.М.Уразалина.

Форум жас мамандардың АИТВ мәселелеріне терең қызығушылық танытып, кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылатынын көрсетті. Қатысушылар білімдерді жүйелі түрде жаңарту қажеттілігін және пациенттердің осы санатымен жұмыс істеу кезінде мультидисциплинарлық тәсілдің маңыздылығын атап өтті.     

«АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша жас мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру медициналық білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі және пациенттерге сапалы көмек көрсетудің кепілі болып табылады» деп атап өтті СМУ стратегиялық даму және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Алма Нуртазина.

Іс-шара АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы жас дәрігерлердің кәсіби даярлығын арттыру және өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды.

 

барлық жаңалықтар »