Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы

 

Желтоқсан 11, 2025

ҚДжИАҒО-да 10 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саласындағы заңнамалық өзгерістерге арналған кеңес өтті.

Қатысушыларды ақпаратпен ҚДжИАҒО комплаенс-офицері М. Әбденбеков таныстырды. Ол сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы ең көкейтесті проблемаларының бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл құбылыс азаматтардың медициналық қоғамдастық өкілдеріне деген сеніміне нұқсан келтіреді, себебі бастапқыда адамдардың санасында медицина қызметкері - адамдарға көмектесетін адам екені атап өтілді.

 Сондай-ақ, құқық бұзушылықты анықтау мен болдырмаудың тиімділігін арттыруға бағытталған ішкі бақылау тетіктері талқыланды. Қатысушыларға денсаулық сақтау мекемелеріндегі соңғы жылдардағы сыбайлас жемқорлық фактілері мен оның салдары туралы деректі фильм көрсетілді. Ағымдағы жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қайта ұйымдастырылғанын еске сала кетейік.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Айқындықты арттыру, этикалық стандарттарды дамыту, қызметтерді цифрландыру және қоғамның қатысуы - жиынтығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі заманғы модельді қалыптастыратын құралдар болып табылады.

Кеңеске қатысушылар, заңнаманы одан әрі жетілдірудің және мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің тұрақты жүйесін қалыптастыруда негізгі факторлар болып табылатынын атап өтті.

барлық жаңалықтар »