Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 9, 2025
9 желтоқсанда Алматыдағы жұмыс кездесуіне қатысушылар мигранттар үшін АҚТҚ бойынша көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етудің ұлттық және халықаралық тәсілдерін талқылады.
Іс-шара ҚДжИАҒО мамандарының, көші-қон және АИТВ саласында жұмыс істейтін халықаралық және қоғамдық ұйымдар сарапшыларының қатысуымен өтті. Қатысушылар арасында - «Коммьюнити Френдз» ҚҚ, «Денсаулық Нұру» ҚҚ, Көшіп-қонушылардың денсаулығы жөніндегі өңірлік сарапшылар тобы, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы» ЗТБ бар.
Сарапшылардың назары «АИТВ-мен өмір сүретін адамдар және ҚР-дағы шетелдік көшіп-қонушылардың негізгі топтары арасында АИТВ-мен байланысты қызмет көрсету саны мен қажеттілігін бағалау» зерттеулерінің нәтижелеріне аударылды.
АРТ клиникалық мониторингі бөлімінің меңгерушісі Сайранкүл Қасымбекова жыл басынан бері елімізде АИТВ бар 180 мигрант тіркелгенін атап өтті, бұл барлық анықталған жағдайлардың 5 пайызы. Бүгінде 223 мигрант ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың гранты есебінен АРТ алады. «Коммьюнити Френдз» ҚҚ президенті Артём Лебедев Қазақстандағы «Мигранттар денсаулығы-2» жобасын іске асыру нәтижелерін таныстырды. Ол екі жыл ішінде жоба 144 мигранттың АРТ-қа қол жеткізуіне көмектескенін атап өтті. ДДҰ Еуропалық өңіріндегі денсаулық сақтау қызметтеріне мигранттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша үздік тәжірибелермен қатысушыларды Мигранттардың денсаулығы жөніндегі өңірлік сарапшылар тобынан Даниил Кашницкий таныстырды.
Қатысушылар шетелдік азаматтардың Қазақстандағы АИТВ бойынша қызметтерге қолжетімділігі мәселелерін, сондай-ақ шетелде көші-қонда жүрген АИТВ бар Қазақстан азаматтарын қашықтықтан есепке алу және емдеу механизмін талқылады.