Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 9, 2025
Түркістан Халықаралық әуежайында жолаушылар мен әуежай қызметкерлері үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» тақырыбында ауқымды акция өткізілді.
Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының манадары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу науқаны бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өтіп жатқанын науқан екенін атап өтті.
Облысымызда бір ай бойы өтіп жатқан Бүкіләлемдік науқанның барлық іс-шаралары профилактикалық шараларды сақтауға және денсаулықты қорғауға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және АИТВ-инфекциясын емдеу сапасын қамтамасыз етуге, стигма мен теңсіздікке жол бермеуге бағытталған.
«Біз азаматтарды АИТВ-ның алдын алудың белсенді қатысушылары болуға, берілу жолдарын білуге, әрқашан АИТВ-ның алдын алу шараларын қолдануға және достарымен АИТВ туралы пайдалы ақпаратпен бөлісуге шақырамыз», ‒ деді орталық эпидемиолог дәрігер Х.Сыздықова.
Іс-шара барысында өзінің АИТВ дәрежесін білуге тілек білдірген қатысушылар АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алды. Іс-шара жолаушыларды қоғамдық денсаулық мәселелеріне тартуға және қызметкерлер арасында АИТВ-ның алдын алуға қоғамдық қатынасты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
"Мұндай іс-шаралардың өткізілуі өте керемет! Мен өз мәртебемді анықтау үшін АИТВ-ға тест тапсыруды ұйғардым, өйткені акцияның арқасында бізге мұндай мүмкіндік бар" – деп жолаушы Мақсат өз әсерімен бөлісті.
Халықаралық әуежайдың инспектор маманы Алия Досболова
Облыстық АИТВ орталығы жыл сайын Әуежай жолаушылары мен қызметкерлері үшін осындай акциялар өткізеді. Бұндай шаралар адамдардың медициналық сауаттылығын арттыруға көп көмегі тиері сөзмсіз. Әсіреме қалаға келіп- кетіп жатқан жолаушыларға өткізілуі өте орынды. Соның ішінде олардың өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік беруі енді тіптен тамаша»- деп ойлайымн деп өз ойын ашық айтты.
