Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 8, 2025
Абай облысында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан аясында, қаланың ең ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірі "Қазынада" халықтың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық акция өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары және сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі болды.
Сауда орталығының холлында интерактивті алаң орнатылды, мұнда келушілер АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы өзекті ақпаратты ала алды. Орталық мамандары келушілердің АИТВ-ның алдын алудың заманауи тәсілдері туралы сұрақтарына жауап беріп, АИТВ-ға қатысты мифтерді жойды.
Акцияның негізгі элементтерінің бірі АИТВ-ға тегін және анонимді жедел тестілеуден өту мүмкіндігі болды. Процедура бар болғаны бірнеше минутқа созылды және тест нәтижелері әрбір келушіге жеке және құпия түрде жеткізілді. АИТВ-ға тестілеуге қатысушыларға тәттілер үлестірілуі жағымды қосымша болды. Сондай-ақ орталық мамандары АИТВ-ға толығырақ тексерілу және қажет болған жағдайда білікті көмекті қайдан алуға болатыны туралы ақпарат берді.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды қоғамдық орындарда өткізу кең аудиторияның назарын аударуға және АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілік деңгейін төмендетуге көмектесетінін атап өтті.
Д.Тукеева атап өткендей - «Ақпараттандыру, тестілеудің қолжетімділігі және ашық диалог – өз денсаулығына жауапты көзқарасты қалыптастырудың маңызды қадамдары»