Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 8, 2025
2025 жылғы 3 желтоқсанда Астана Медицина университетінде 1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ғылыми-білім беру конференциясы өтті. Іс-шара «Адамның иммун тапшылығы вирусы: иммундық жүйенің зақымдану жолдары және иммунологиялық аспектілері» тақырыбында өтті.
Конференцияда АИТВинфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құлтанова баяндама жасады. Ол эпидемиологиялық жағдайдың маңызды аспектілерін, АИТВ-ның таралу тенденцияларын, сондай-ақ алдын алудың заманауи тәсілдерін атап өтті.
Конференция студенттерді, оқытушыларды және медицина мамандарын АИТВ-инфекциясына қатысты өзекті мәселелерді: иммундық жүйенің зақымдану механизмдерін, вирустың иммунологиялық ерекшеліктерін, оппортунистік аурулардың дамуын, алдын алудың заманауи әдістерін талқылау үшін біріктірді.
Сондай-ақ студенттік бейнематериалдар ұсынылды, интерактивті викторина, сұрақ-жауап сессиясы өткізілді және барлық постер-презентациялармен және үздік ғылыми постер үшін онлайн-дауыс берумен аяқталды.
«АИТВ - бұл үкім емес, ақпарат пен профилактика өте маңызды», - деп атап өтті конференцияны ұйымдастырушылар. Олардың пікірінше, мұндай іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, мифтерді жоққа шығаруға және әлі де АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың айналасында бар стигманы азайтуға көмектеседі.