Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 5, 2025
2025 жылғы 5 желтоқсанда Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде елордалық жоғары оқу орындарының жастары мен студенттері үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» тақырыбында ауқымды акция өткізілді.
АИТВ орталығының директоры Д. Панченко Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу науқаны бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өтіп жатқанын атап өтті. 2025 жылғы науқанның ұраны «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге».
Елордада бір ай бойы өтіп жатқан Бүкіләлемдік науқанның барлық іс-шаралары профилактикалық шараларды сақтауға және денсаулықты қорғауға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және АИТВ-инфекциясын емдеу сапасын қамтамасыз етуге, стигма мен теңсіздікке жол бермеуге бағытталған.
«Біз жастарды АИТВ-ның алдын алудың белсенді қатысушылары болуға, берілу жолдарын білуге, әрқашан АИТВ-ның алдын алу шараларын қолдануға және достарымен АИТВ туралы пайдалы ақпаратпен бөлісуге шақырамыз», ‒ деді Д. Панченко.
Акция концерттік бағдарламамен, викторинамен және жанды пікірталаспен сүйемелденді. Іс-шара барысында өзінің АИТВ дәрежесін білуге тілек білдірген қатысушылар АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алды. Іс-шара жастарды қоғамдық денсаулық мәселелеріне тартуға және елорда жастары арасында АИТВ-ның алдын алуға қоғамдық қатынасты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша: АИТВ-ның алдын алу бойынша цифрлық технологиялардың көмегімен жасалған үздік тақырыптық бейнеролик үшін ‒ Cyber security AITU студенті А.И. Белоносова, пікірталастардағы жүлделі орындар үшін: «Астана» медицина университетінің «Медициналық-профилактикалық іс», «Стоматология» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің 1-2 курс студенттеріне алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жақсы білімі үшін «сұрақ-жауап» викториналарына белсенді қатысқан ҚАТЗУ-дың белсенді қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.