Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 3, 2025
2 желтоқсанда Алматыда «ЖИТС: кеше, бүгін, ертең» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық кампания аясында «Сын-қатерлерден – ЖИТС-ке қарсы іс-қимылдағы өзгерістерге» ұранымен ұйымдастырылды.
Конференция ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО), «Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Бұл шара ЖИТС пен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алудың заманауи тәсілдерін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды. Конференцияға Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар – ДДСҰ, UNAIDS, CDC, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Ғаламдық қор қатыстырылды.
— Біз елімізде ЖИТС таралуының негізгі көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсарта алдық. ЖИТС-тен өлім-жітім айтарлықтай төмендеді: 2016 жылдағы 1000 науқасқа шаққандағы көрсеткіш 11-ден 2024 жылы 3,2-ге дейін. Соңғы 5 жылда вертикалды берілу жолы үш есеге жуық қысқарды: 4,1%-дан 1,2%-ға дейін. Еммен қамту екі есеге жуық артты: 2016 жылы РВТ қабылдайтын ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың үлесі 43% болса, 2025 жылы ол 92%-ға жетті. Терапия тиімділігі де 59%-дан 93%-ға дейін өсті, бұл аурудың берілу қаупін төмендетіп, адамдардың өмір сапасын жақсартатынын білдіреді, — деді ҚДИАҒО директоры Роза Қуанышбекова.
2025 жылдың басында республикада өз мәртебесін білетін 36 767 ЖИТС-пен өмір сүретін адам тіркелген. Соңғы жылдары тіркеу өсімінің баяулауы айқын байқалады. Қазақстанда ДДСҰ ұсынған алдын алудың барлық 12 бағдарламасы енгізілген. 2025 жылы ЖИТС бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді.
Конференция ЖИТС-инфекциясы мен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алу саласындағы тәжірибе мен озық практикалар алмасуға арналған жемісті алаңға айналды. Форумда ЖИТС-ті тестілеу мен емдеудегі инновациялық тәсілдер, ЖИТС профилактикасында әлеуметтік маркетинг элементтерін қолдану, сондай-ақ соңғы зерттеулердің нәтижелері талқыланды. Қатысушылар жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін ЖИТС-ке қарсы іс-қимыл шараларының орнықтылығын күшейту, негізгі халық топтарына қатысты стигманы төмендету бойынша тиімді интервенциялар әзірлеу, профилактиканы жетілдіру қажет екенін атап өтті. Ауруды ерте кезеңде анықтау ЖИТС-инфекциясының алдын алу мен емдеуде маңызды басымдық болып табылады. Бұл үдерісті күшейту үшін халықты ықтимал жұқтыру қаупінен сақтандыра алатын және жеке денсаулық пен жақындарының денсаулығына жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын тиімді әрі жан-жақты ағартушылық жұмыс қажет. Жастар денсаулығы орталықтарында, БМСК ұйымдарында, жеке медициналық орталықтарда профилактикалық жұмысты кеңейту талап етіледі. ЖИТС-ке тұрақты тестілеу, әсіресе жастар үшін, өмірлік дағдыға айналуы тиіс.
