Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 3, 2025
Түркістанда медицина мекемелерінің қызметкерлері арасында футболдан ашық турнир өтті. Спорттық шара 1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырған бұл турнирге 12- команда, 150-ге жуық медицина мамандары қатысты.
Жарыс барысында барлық командалар белсенділік танытты. Қатысушылар қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат алып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары барлық қатысушылар жарысқа жақсы дайындалғанын атап өтті.
Қазір өңірде 10 қарашадан 10желтоқсанға дейін ақпараттық науқан өтіп жатыр. Осыған орай АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында облыс аумағында түрлі іс-шаралар жүргізілуде.
Шара соңында турнир жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар болашақта осындай жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.